Басты бетЖаңалықтарДимаштың үстінен...

Димаштың үстінен Витастың продюсері арыз жазды

Витастың продюсері Сергей Пудовкиннің «Вибо» (қытайлық твиттер) әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Пудовкин» продюсерлік орталығының Хунан телеарнасына жазған хатын жариялады. Онда аталмыш телеарнаның авторлық құқық заңнамаларын сақтамағандығы айтылған.

«Опера 2» — ресейлік танымал әнші Виталий Гогунскийдің авторлық әні. Әуені де, сөзі де Витасқа тиесілі. Ол 2000 жылы бұл әнді тұңғыш рет орындап, танымал болды. Витастың барлық әндерінің құқығы «Пудовкин» продюсерлік орталығының меншігінде.

Хунан телеарнасы ұйымдастырған «Singer2017» ән байқауында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов 28 қаңтар күні «Опера 2» әнін орындап, бұл телеарна арқылы кеңінен таралды. Бұдан бөлек бұл ән әр түрлі сайттарда кеңінен жүктеліп, пайдаланылуда. Сонымен бірге 30 қаңтар күні «бүкіләлемдік Қытайдың көктем мерекесінде» тағы орындалып, телеарна, интернет арқылы тағы таралды.

Витас әндері әлемнің көп елдерінде таралғанымен пайдалануда жергілікті органдар арқылы заңдық құқық қорғалады. Бұл жолы Хунан телеарнасы «Пудовкин» продюсерлік орталығының заңдық мүддесіне залал келтірді», делінген хатта.

Сонымен бірге Витастың продюсерлік орталығы аталмыш телеарнаға мынадай талаптарын жолдаған:

1. Хатты алған соң, 30 қаңтар күні «бүкіл әлемдік Қытайдың көктем мерекесінде» айтылған «Опера 2»  әнінің таралуын тоқтату.

2. Заңды жолмен рұқсат алынбаған жағдайда «Опера 2» әнін айтуға, пайдалануға болмайды.

3. Осы хатты алғаннан соң, 7 күн ішінде бізбен хабарласып, ортақ шешімге келу. Хат соңында «Пудовкин» продюсерлік орталығының  Хунан телеарнасымен келісімшарт жасауға дайын екендігі айтылған.

Витастың продюсері жазған арызВитастың продюсері жазған арызВитастың продюсері жазған арыз

ДереккөзInform.kz