Оның сөзінше, Қазақстанды ел ішіндегі күрделі жағдайды пайдаланған қандай-да бір халықаралық бүлікшілердің құрбаны болды.
Ресей Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттің бірі ретінде шарттың 4-бабына сәйкес Қазақстанға көмек қолын созды. Дегемен Қазақстан басшылығы негізгі роль атқарды, сонымен бірге өздерінің ісіне, антына және халқына адал құқық қорғау органдары мен қарулы күштер өздеріне жүктелген міндетті орындады. Осы оқиғалар кезінде қираған нысандарды қалпына келтіру үшін көп күш жұмсау қажет екенін де білемін, – деді Ресей президенті.
Ресей президенті сонымен бірге Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаевтың табандылығының арқасында нық тұр және белсенді дамып жатқанын айтты.
Ресей басшысы екі ел арасындағы экономикалық ықпалдастықты арттыруға ниетті екенін мәлімдеді.
Ресей Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктесі екенін қуаныштымын. Халықаралық алаңдарда да тығыз ынтымақтастық орнатқанбыз, бұрынғы кеңестік кеңістіктен тыс ірі халықаралық ұйымдарда да ықпалдастығымыз бар. Биыл дипломатиялық қатынастарды орнатқанымызға 30 жыл. Бірқатар көлемді іс-шара өткізу көзделіп отыр. Олар біздің іскерлік, гуманитарлық байланыстарымызға пайдалы болатынына сенімдімін. Ғарыш, энергетика, машина жасау салаларындағы ірі жобалар бойынша бірлесіп атқаратын жұмыс көп, – деді Владимир Путин.