Алматы қалалық соты Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Әзімжан Саидбаевқа қатысты қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
Тергеу соты Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты үш миллион теңге кепілмен босатып, ал Әзімжан Саидбаевқа қатысты «сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты» қанағаттандырды,- деп хабалады соттан.