Басты бетЖаңалықтарКонституцияның реформасы:...

Конституцияның реформасы: не өзгереді?

Қолданыстағы редакция Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
26-бап

1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.

 

 

 

26-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

1. Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады.

2. Жеке меншік құқығына қол сұғылмайды. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, заңды жолмен алынған мүлікке меншік құқығын шектейтін немесе одан айыратын заңдарды және өзге де құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.

44-бап

Қазақстан Республикасының Президенті:

3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

8) Республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді;

9) Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті

18) өзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық ұланды жасақтайды

 

 

 

 

 

44-бапта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республика Премьер-Министрін қызметіне тағайындайды; Республика Премьер-Министрін қызметінен босатады; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкіметтің құрылымын айқындайды, Президент дербес тағайындайтын және босататын сыртқы істер және қорғаныс министрлерін қоспағанда, Үкімет мүшелерін қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

«10-1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау, Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабы 3-тармағында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы Конституциялық Кеңеске үндеулерді жолдайды;

18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

18) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды

45-бап

2. Конституцияның 53-бабының 4)-тармақшасында көзделген ретте Республика Президенті заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген ретте Республиканың заң күші бар жарлықтарын шығарады.

45-баптың 2-тармағы алып тасталсын

 

 

 

53-бап

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:

3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы

53-баптың 3-тармақшасы алып тасталсын.

 

 

 

 

57-бап

Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:

6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады

57-баптың 6-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүше­сін қызметінен босатады

 

 

 

 

 

61-бап

2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгізілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиісті екенін білдіреді. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президенті заң күші бар Жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция белгілеген тәртіппен жаңа заң қабылдағанға дейін қолданылады

61-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары Парламенттің ағымдағы сессиясы ішінде бірінші кезектегі тәртіппен қабылдануы тиіс екенін бiлдiредi

 

 

64-бап

2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты

64-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің қызметінде Республика Президентінің, Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты

65-бап

2. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді

 

65-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

2. Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiмде Республиканың Премьер-Министрі Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныстар енгiзедi

66-бап

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады

 

 

 

 

 

 

 

66-бапта:

1) және 8 ) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

8) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарды құрады, таратады және қайта ұйымдастырады, олардың басшыларын қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

9-1) мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдардың қызметкерлері үшін еңбекақы төлеуді қаржыландырудың бірыңғай жүйесін Республика Президентiнің келісімімен бекітеді

67-бап

4) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде Президентке баяндап отырады

67-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

4) Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары және оның аса маңызды барлық шешiмдерi туралы Президентке және Парламент Мәжілісіне баяндайды

70-бап

1. Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады.

Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.

70-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

1. Үкімет жаңадан сайланған Республика Парламенті Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады

 

 

 

 

72-бап

2. Конституциялық Кеңес соттардың өтініштерін Конституцияның 78-бабында белгіленген реттерде қарайды

 

 

72-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

2. Конституциялық Кеңес Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда Республика Президентінің, сондай-ақ  Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды

79-бап

3. Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс стажы бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Республика соттарының судьяларына заң бойынша қосымша талаптар белгіленуі мүмкін

79-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

3. Республика соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады

 

 

81-бап

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады

 

81-бап мынадай редакцияда жазылсын:

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық істер, жергілікті және жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда оның соттылығына жататын сот істерін қарайды және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер береді

83-бап

1. Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады

83-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

1. Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңда белгіленген шектерде және нысандарда заңдылықтың сақталуын жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүдделерiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады

 

 

 

 

 

86-бап

5. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Республика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады

 

 

86-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

5. Республика Президенті Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының Төрағаларымен консультациялардан кейін мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады

87-бап

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы.

87-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін тиісінше облыстардың, респуб­ликалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті қызметке тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке заңда айқындалған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметінен босатуға хақылы

 

91-бап

2. Конституцияда белгіленген мемлекеттің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

91-бапта:

1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын

2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, басқару нысанын өзгертуге болмайды;

2) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

3. Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, олардың осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болғанда, республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылады

ДереккөзBnews.kz