Қар, тұман, көктайғақ. Алматы әкімдігі тұрғындардан сақ болуды өтінді

Бүгін, 9 ақпанда 10 ақпанның таңына дейін Алматыда қар жауады. Ауа температурасы күндіз 0…-2, түнде -4…-6. Тұман, көктайғақ болады, — делінген тұрғын үй саясаты басқармасының хабарламасында.

Көктайғақты болдырмау үшін 204 құмшашқыш жұмыс істейді. Қар тазалау жұмысына барлығы 624 техника мен 1 538 жол жұмысшысы қатысады.

Мұз қатады деген болжам бар, жолдарда, тротуарларда көктайғақ болуы мүмкін. Сондықтан тұрғын үй саясаты басқармасы автожүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден сақтық шараларын сақтауды өтінеді. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, көліктер арасында қашықтықты арттырмауға және кенеттен маневр жасамауға кеңес береміз. Жаяу жүргіншілер тротуарларда жүрген кезде көктайғаққа қатысты қауіпсіздік шараларын сақтауға тиіс, — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Көктайғақ кезінде ескеруіңіз керек 6 маңызды ереже