Синоптиктер мәліметінше, жауын-шашынсыз, аяз ауа райын әкелген антициклон тек шығыс аймақтарда сақталып, елден тыс жерге ығысады.
Солтүстік-батыстан ылғалды циклон жылжып келеді. Циклон жаңбыр мен қар, 12 ақпанда оңтүстік облыстарда қатты жауын-шашын, сонымен қатар жел мен көктайғақ құбылыстарын әкеледі. Қазақстанның солтүстігінде термометр бағандары күндіз тек 2-10 градус аязды көрсетеді, — делінген хабарламада.