Бақыт Сұлтанов «Даму» қорының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ KASE директорлар кеңесінің 2022 жылғы 4 ақпандағы шешімі бойынша, Бақыт Сұлтанов қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, — делінген хабарламада.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының директорлар кеңесі сегіз адамнан тұрады: Бақыт Сұлтанов, Елена Бахмутова, Райымбек Баталов, Әсем Нұрғалиева, Рустам Жүрсінов, Тимур Жақсылықов, Әділ Мұхамеджанов, Гаухар Бөрібаева.

Бақыт Сұлтанов 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап премьер-министр лауазымына тағайындалған Әлихан Смайыловтың орнына келді. Ол қаңтардан бастап премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі болды.