Басты бетЖаңалықтарПремьер-министр: Президент...

Премьер-министр: Президент берген 108 тапсырманың 44-і орындалды

Қаңтар айында болған қайғылы оқиғалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына түзетулер енгізді. Әлеуметтік-эконмикалық және қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыру мақсатында осы жылдың басынан бастап сіз Үкіметке шұғыл және жүйелі 108 тапсырма бердіңіз. Бүгінгі таңда 44 тапсырма орындалды, — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-жоспар аясында елдің барлық аймақтарында қоғамдық тәртіп қалпына келтірілді.

Коммуналдық қызметтердің бағалары мен тарифтерінің өсуіне жарты жылға мораторий енгізілді. Жанар-жағармайға және газға шекті бағалар белгіленді. Үкімет жанындағы отандық кәсіпкерлер кеңесі құрылды. Утилизациялық алымлдар мемлекетке берілді. 100% мемлекеттік ұйым «Жасыл даму» акционерлік қоғамы жауапты оператор болып айқындалды, -деді Үкімет басшысы.