Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев:...

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қаңтар оқиғасы өмірімізді түбегейлі өзгертті

2021 жылы ел экономикасы 4%-ке өсті. Өңдеу өнеркәсібі 5,5, құрылыс индустриясы 7,6%-ке артты. Қызмет көрсету саласында оң үрдіс бар. Сауда-саттық 9,2, көлік саласы 3,6%-ке ұлғайды. Дегенмен инфляция деңгейі межеден асып кетті. Бұл көрсеткіш 8,4% болды. Өкінішке қарай, қаңтар оқиғасы қалыпты өмірімізді түбегейлі өзгертті. Заңсыз әрекеттердің салдарынан көптеген азаматымыз зардап шекті. Шағын және орта бизнес өкілдері шығынға ұшырады, — деді мемлекет басшысы.

Президент қазіргі мәліметтер бойынша бизнеске 100 миллиард теңгеден астам көлемде залал келгенін атап өтті.

Жаңа Үкіметтің алдында еліміздің экономикалық әлеуетін толық қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл өте маңызды міндет. Сондықтан оны басымдықтардың бірі ретінде санауымыз қажет. Жоспарланған реформаларды жүзеге асыру және инфляцияны төмендету басты міндеттердің бірі. Ең бастысы азаматтарымыздың табысын арттыруымыз қажет,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.