Бейжің-2022: қазақстандық спортшылардың аралық нәтижесі қандай?

Жаңа ғана конькимен жүгіру жарысынан келдік, онда біздің спортшыларымыз Екатерина Айдова мен Надежда Морозова 1 500 метр қашықтықта сайысқа түсті. Өздеріңіз білетіндей, фристайл-могул командасы осымен ойынды аяқтады. Әрине, кешегі нәтижелерді қабылдау қиын болды. Юлия Галышева – 11-орын, Анастасия Городко – 21-орын, Аяулым Әміренова – 22-орын, Олеся Граур – 28-орын, Дмитрий Рейхард – 8-орын және Павел Колмаков – 11-орын, — деді Андрей Крюков Zoom арқылы өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, кеше шорт-трек командасы аралас эстафетада 5-орынға табан тіреді.

Бұл өте жақсы нәтиже деп саналады. Спортшыларымыздың осындай маңызды нәтижеге қол жеткізгеніне қуаныштымыз. Шорт-трек – өте күрделі спорт түрі. Осындай нәтиже үшін спортшылардың қанша тер төгетінін білеміз. Сондықтан біз осындай нәтиже үшін қуаныштымыз. Басқа ойындарға келсек, бәрі жоспар бойынша өтіп жатыр, — деп толықтырды Андрей Крюков.