Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына қол қойды, — делінген жарлықта.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігінің күшін жоюға қатысты түзетулерді қолдаған болатын. Бұл норма «Тұңғыш президент — Елбасы туралы» конституциялық заңда жазылған.
Сонымен қатар, заң жобасында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуінің күшін жоятын түзетулер бар екені айтылған еді.