Құжат жобасы аталмыш порталда 21 ақпанға дейін талқылауда болатыны айтылған.
Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: 13-1. Судья және сот қызметкерінің күні — 24 маусым, — деп жазылған құжат жобасында.
Яғни, Үкімет қаулысының жобасы талқылаудан сәтті өтсе, 24 маусым «Судья және сот қызметкерінің күні» ретінде атап өтілетін болады.
Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрлігі мерекелік күндердің тізбесіне қатысты қаулы жобасын даярлап, 22 қазанды кітапханашы күні ретінде атап өтуді ұсынған болатын.