Алматы полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.
Ол қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тексеру шаралары барысында қарт адамды ұрып-соққан ер адам анықталып, ұсталды. Ол — Алматы облысының 47 жастағы тұрғыны. Ұсталған азамат өзін ақтау үшін қария көлігіне зақым келтіргенін айтты, — деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рустам Әбдірахманов.

