Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиевтің бұйрығымен агенттік аппаратының басшысы болып Арман Жұмабеков тағайындалды, — делінген агенттік таратқан хабарламада.
Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысының жинақ банкі Ерейментау филиалының инспекторы болып бастады.
Әр жылдары Ақмола облысы бойынша салық комитетінде, мемлекеттік кірістер министрлігінде, премьер-министр кеңсесінде, президент әкімшілігінде жұмыс істеді.
2018-2019 жылдары ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы, 2019 жылы ұлттық экономика бірінші вице-министрі, 2021 жылғы қаңтардан бастап ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болды.
Еске салайық, бүгін, 7 ақпанда, Арман Жұмабеков ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметінен босатылды.