Өткен Словакия Универсиадасы кезінде де ақмолалық биатлоншы қыз жеңіске жеткен еді.
Алина Райкова 15 км қашықтықта әйелдер арасындағы жарыста мәреге бірінші болып жетті. Күміс жүлде де қазастандық спортшы Галина Вишневскаяға бұйырды. Ол әлемдік рейтингте 14-орында тұр. Ал қола жүлдені Надя Белкина еншіледі. Ол біздің отандасымыздан 2:23.6 уақыт қалып қойды.
Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында жеті медаль бар. Әзірге бір алтын (Алина Райкова), екі күміс (Галина Вишневская, Жібек Арапбаева), төрт қола (Анна Шевченкода екеу, Жанбота Алдабергенова, Екатерина Айдарова).