ҚТЖ Instant Payments-пен келісімшартын мерзімінен бұрын бұзды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «Instant Payments» ЖШС жолаушылар пойыздарына электрондық жол жүру құжаттарын рәсімдеу мен сатуды ұйымдастыру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы уағдаластыққа қол жеткізді, — делінген хабарламада.

Ұлттық компания бұл қызметтерді енді дербес ұсынады. Жол жүру құжаттарын рәсімдеу BILET.RAILWAYS.KZ сайтында әдеттегі режимде жүргізеді: кассаларда және онлайн.

Бұл ретте сервиске қолжетімділік нарықтың барлық қатысушысына ашықтық және айқындық қағидаттарында берілетіні хабарланды.