Басты бетЖаңалықтарАлматы әкімі...

Алматы әкімі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

Бұл туралы Алматы Өңірлік коммуникация қызметі хабарлады.

Кездесуде ауаның жоғары ластануы, көлік жолайрықтары, мектеп орындарының тапшылығы, агломерация, жерді игеру, қаланың бас жоспарына түзетулер енгізу және басқа да тақырыптар көтерілді. Алматы қоғамдық кеңесінің мүшелері әкімге мегаполисті одан әрі дамытуға қатысты өз ұсыныстарын айтты.

Сұрақтар көп, олардың барлығы шынымен де маңызды, бірақ жүйелі әрі жоспарлы әрекет ету керек. Әкімдік орта шұғыл перспективада қаланы дамытуда кешенді тәсілге сүйенетін болады, – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Кездесу қорытындысы бойынша осындай талқылауларды тұрақты негізде өткізу туралы шешім қабылданды.