Елбасы Жолдауында алдағы уақытта зейнетақы жаңа әдістеме бойынша тағайындалатынын айтты.
«Базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді», — деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, осы өсімнің барлығы 2018 жылы базалық зейнетақының жаңа мөлшерін 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Елбасы елімізде бала туу деңгейі 1999 жылғы көрсеткіштен 2 есе артқандығын атап өтті. Елімізде жыл сайын 400 мыңға жуық бала дүниеге келеді.
«Менің тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі», — деп толықтырды.