АЭС салу — өте күрделі мәселе, сондықтан саламыз ба, жоқ па, ешқандай шешім жоқ. 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімде әртүрлі мәселе қаралады. Бүгінде «жасыл» саясат жүргізіліп жатқандықтан, күн тәртібінде шектеулер тұр және тағы басқа. Біз көмір өндіруді кеңейте алмай отырғанымызды білесіздер, өйткені ол экологиялық таза емес, — деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Ведомство басшысы генерацияға арналған өтпелі отын ретіндегі газ таза екенін, бірақ оның қоры шектеулі екенін айтты.
Сондықтан біз әртүрлі нұсқаны қарастырып жатырмыз. Атом электр станциялары – қарастыруға болатын нұсқалардың бірі ғана, бірақ бұл мәселеге бірінші кезекте қоғамды тартып, барынша зерттеуді қажет етеді. Әзірше Қазақстанның қандай да бір учаскесінде станция салу бойынша нақты шешім жоқ, — деді Болат Ақшолақов.