Басты бетҚоғамТоқаев Иран...

Тоқаев Иран президентіне Қазақстан халқы болашаққа нық сеніммен қарайтынын айтты

Иран тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Президенттер екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бері 30 жыл ішінде ынтымақтастықтың әртүрлі саласы бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін айтты. Сонымен қатар Қазақстан мен Иранның көшбасшылары сауда-экономикалық және ықпалдастықтың басқа да бағыттарындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға күш салу қажет деп есептейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев «қасіретті қаңтар» оқиғаларына қатысты алаңдаушылық танытып, ниеттестік танытқаны үшін Ибрахим Раиси мен иран халқына ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы еліміздегі жағдайдың тұрақталғанын, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру шаралары қабылданғанын айтты. Президенттің сөзінше, Қазақстан халқы болашаққа нық сеніммен қарайды.