Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, 2022 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда тиісті түрде орындалмауына байланысты кен орындарын игеруге қатысты 31 келісімшарт бұзылып, 101 лицензияның күші жойылды.
Қазіргі таңда жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерін орындауына талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр – анықталған бұзушылықтар реттелмесе, келісімшарттар бұзылады және инвестиция тарту үшін аукционға шығарылады.
Премьер-министр жер қойнауын пайдалану саласында ауқымды тексеріс жұмыстарын жеделдетуді және пайдаланылмайтын кен орындарының тізімін жасауды тапсырды.