Бүгін менің «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясындағы соңғы жұмыс күнім. Ең бастысы — осы уақыт аралығында жүзеге асқан барлық жоба менің әріптестерімнің жемісті еңбегі деп білемін. (…) Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне объектив сын мен сындарлы диалог үшін рахмет айтамын, — деп жазды Асқар Мұратұлы.
Еске салайық, Асқар Мұратұлы «ҚазАвтоЖол» компаниясының басқарма төрағасы болып 2021 жылы сәуірде тағайындалған еді.