Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің бұйрығымен «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы болып Жанат Самат тағайындалды, — делінген ведомствоның сайтында
«Жасыл даму» АҚ — Қазақстандағы қалдықтарды жинау бойынша жаңа оператор.
Жанат Самат 1980 жылы Ақтауда дүниеге келген. 2001 жылы Есенов атындағы Ақтау университетін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облысы бойынша салық комитетінің ірі салық төлеушілерді талдау және мониторингілеу бөлімінің бас салық инспекторы болып бастады. Әр жылдары облыстың салық комитетінде келіспеушіліктер және кеңес беру бөлімінің, жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің, жер қойнауын пайдаланушыларды тексеру бөлімінің бас салық инспекторы қызметтерін атқарды.
2008 жылы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары, кейін «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2014-2016 жылдар аралығында Қызылордадағы «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы қызметін атқарған.
2019 жылдан бастап экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кеңесшісі,
2020 жылдан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығының бас директоры болып жұмыс істеді.