Партия мәліметінше, саяси кеңестің қаулысымен бюроның жаңа құрамы бекітілді:
- Қасым-Жомарт Тоқаев — Қазақстан Республикасының президенті, партия төрағасы;
- Мәулен Әшімбаев — Парламент Сенатының төрағасы;
- Ерлан Қошанов — президент әкімшілігінің басшысы;
- Ерлан Саиров – Мәжіліс депутаты;
- Дархан Қыдырәлі — «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы;
- Аббат Өрісбаев — Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты;
- Ләззат Қалтаева — Сенат депутаты;
- Геннадий Зенченко — «Зенченко және К» КТ директоры;
- Элина Паули — «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директорының орынбасары.
Айта кетейік, саяси кеңес бюросы — партияның басқару органы. Бюро съездер мен саяси кеңес отырыстары аралығындағы партия жұмысына басшылық жасайды, өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерді қарайды.