Ақорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, олар Қасым-Жомарт Тоқаевқа астананың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берді.
Президентке сонымен бірге әлеуметтік нысандардың құрылысы, газбен қамту ісі, үлескерлік құрылыс нысандарының аяқталуы және инвестиция тарту мәселелері туралы баяндады.
Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін ұлғайту, тозығы жеткен ескі тұрғын үйлерді сүру және жаңа тұрғын үй алаптарын дамыту қажет екеніне назар аударды. Жұмыс орындарын ашу және жастарды қолдау мәселесі басым міндеттердің бірі ретінде аталды.
Биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Кейінгі үш жылда бұл көрсеткіш 3 еседен астам артқан. Биыл тағы да 40 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады және кемінде 16 мектеп салынады.
Сонымен қатар кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаладағы эпидемиология ахуалын тұрақтандыруға және вакциналауға бағытталған шаралар туралы баяндалды.
Президент астананы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.