Мемлекет басшысының өкімімен Айнұра Қамидоллақызы Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген құжатта.
Айнұра Серғазиева 1991 жылы 23 маусымда туған. Алматы энергетика және байланыс университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша бітірген, техника және технология бакалавры, сонымен бірге техника ғылымдарының магистрі.
Айта кетейік, ол мұның алдында «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының басқарушы директоры болып жұмыс істеген.