Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Владимир Гайламазянды, Жамбыл облысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Ерлан Кулкеевті және Маңғыстау облысы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Бақтыбай Ізімтаевты ұстады, — делінген жазбада.
Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзге ақпаратты ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша жария етпеді.