Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік...

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік хатшының өкілетін кеңейтті

Президенттің 25 қаңтардағы №787 жарлығына сәйкес, мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттерді де жүзеге асырады:

  • ішкі саясат саласында президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
  • саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;
  • президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;
  • «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

Сонымен қатар, ҚР мемлекеттік хатшысы:

  • ішкі саясат саласында президентке стратегиялық ұсыныстар әзірлейді;
  • мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламентпен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста және халықаралық қатынастарда оның атынан өкілдік етеді;
  • мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді.
  • қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді;
  • президенттің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.