Мұнай саласы
Шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласындағы біліктілігі жоғары мамандар — 571 мың теңге, біліктілігі орта мамандар — 482 мың теңге алған.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, шикі мұнайды және табиғи газды өндіру кәсіпорындарында техникалық қадағалау жөніндегі инженерде, бұрғылау жөніндегі инженерде және ұңғымаларды бекіту жөніндегі инженерде жалақы 832 мың мен — 1 млн 016 мың теңге аралығында.
Мұнай өндеу өнімдерін өндіру саласындағы қызметкерлер 2016 жылы 295 мың теңге жалақы, ал әуе көлігі саласындағы қызметкерлер 297 мың теңге алды.
Құрылыс саласы
Жоғары деңгейлі білікті мамандар арасынан ең жоғары жалақы құрылыстағы менеджерлерде (308 мың теңге), біліктілік деңгейі бар мамандардан — қаптаушы-мраморшы (282 мың теңге) алды.
Ауыл шаруашылығы саласы
Біліктілігі бар мамандар арасынан ең жоғары жалақыны шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинистері (166 мың теңге), тракторшы (147 мың теңге), ал төменгі жалақыны — фермерлер мен қырықтықшылар және күзетшілер 27 — 41 мың теңге шамасында алды.
Негізгі кәсіптер және қызметтер топтары бойынша әйелдердің жалақысы еркектердің жалақысына қарағанда төмен болды. Ұйымдардың басшылары лауазымында жұмыс істейтін еркектердің жалақысы 540 мың теңге, аудармашы — 282 мың теңге, экономист — 202 мың тенге, есепші — 167 мың теңге болды. Бұл әйелдердің орташа жалақысынан 1,1 — 2,2 есе жоғары.
Ұйым басшылары
2016 жылғы қыркүйекте Алматы қаласы және Атырау облысында ұйым басшыларында ең жоғары жалақылар қалыптасып, 920 мың теңге және 716 мың теңгені құрады. Ең аз төленетін қызмет Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, және Алматы облыстарында болды, мұнда басшылар 226 мың теңгеден 253 мың теңгеге дейін алды. Республиканың өңірлері бойынша ұйым басшылары жалақысының ең жоғарғысы мен оның ең төменгі мәнінің арасындағы айырмашылық 4,1 есені құрады.
Экономистер
Экономистің жоғары жалақысы Астана қаласында және Атырау облысында байқалды, тиісінше 251 мың теңге және 248 мың. теңге, ал төменгі — Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында 94 — 104 мың теңге. Дәрігердің жалақысындағы көлем деңгейінде айырмашылық бар Астана қ. — 175 мың теңге, ал Қарағанды облысында — 129 мың теңге.
Мұғалімдер
Ел бойынша жоғары оқу орнындағы мұғалімнің жалақысы орташа 133 мың теңге болды, ал оның өңірлер арасындағы айырмашылығы 1,7 есені, арнаулы білім беру жүйесінде оқытушыларда тиісінше 109 мың теңге және 1,6 есе, тәрбиелеушіде — 75 мың теңге және 1,5 есені құрады.