Басты бетЖаңалықтарБақытжан Сағынтаев...

Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарының сынына жауап берді

Оның айтуынша, оған қатысты сын қаңтар оқиғасынан кейін пайда болған.

Сол оқиғалар болып, күшейе түскен кезде не болып жатқанын және не істеуім қажет екенін түсіндім. Әр сағат сайын шығып, ақпарат беріп, оған уақыт құртпай, қауіпсіздік пен қаланы сақтап қалумен айналысуым керек екенін білдім. Бізде ешқандай күш болған жоқ, ал ол күштік құрылымды алып келу үшін қорғаныс министрі, ішкі істер министрі мен әкімшілік басшысымен байланысу керек. Маған қатысты түрлі сын айтылатынын да білдім. Ол уақытты мен өзімнің имиджім туралы ойламадым, тұрғындардың қауіпсіздігін ойладым. Барлық күш-жігерімді салып, қаланы қорғауға қосымша күш алып келмесем, онда мен не істеп отырмын?, — деді Бақытжан Сағынтаев Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында.

Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындары оны Алматы әкімі қызметінен босатуды талап еткен петицияға қатысты түсініктеме берді.

Сын айтылатынын білдім. Әрине, бәрі аяқталған кезде сын да айтылды, петиция да пайда болды. Мен де адаммын, әрі қарай жұмыс істеуім керек, мен өз жұмысымды жалғастырдым, өйткені қаланы тез қалпына келтіріп, залалды өтеу қажет. Қалай болғанда да, әр сынның пайдасы бар. Ренжідім бе, жоқ па, мен қызметімді атқардым. Жауапкершілікті түсініп, қала тіршілігін қамтамасыз ету керек екенін білдім, – деді Бақытжан Сағынтаев.