Орындарды бөлудің ашықтығы, мақсатты қаржыландыру және кезек қайталанбас үшін республика бойынша балабақшаға кезекке тұрудың бірыңғай деректер базасын ашу жоспарланған, — деді Шолпан Қаринова.
Оның айтуынша, мектепке дейінгі ұйымдардың, әсіресе жекеменшік балабақшалардың жұмыс сапасын арттыру шаралары қабылданады.
Біз талаптарды күшейтеміз, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру ережелеріне өзгерістер енгіземіз, оның ішінде білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету, қауіпсіз және жайлы жағдай жасау, мемлекеттік тапсырыс қаражатын мақсатты жұмсау және қызмет көрсету сапасын арттыру, — деді вице-министр.