Ұлыбритания мойындаған вакциналар мен вакцинация паспорттары бар елдер тізімі көрсетілген бетте Қазақстан туралы ақпарат пайда болды.
Қазақстан бұл тізімге 2022 жылғы 11 ақпанда таңғы 4-те қосылады, — делінген хабарламада.
Вакцинация туралы сертификатты денсаулық сақтау органы мемлекеттік деңгейде беруі, ағылшын, француз немесе испан тілдерінде болуы керек және аты-жөні, туған күні, вакцина түрі, өндірушісі және әр дозаның салынған күні, вакцинация елі және/немесе төлқұжат берген орган көрсетілуі қажет.
Ұлыбритания қазір сегіз вакцинаны мойындады: Covaxin, Moderna, Johnson&Johnson, Novavax, Oxford/AstraZeneca, Pfizer BioNTech, Sinopharm Beijing, Sinovac-CoronaVac.