25 жастағы азамат бейтаныс адамдарды көлік жүргізу куәлігін жасай алатынына сендіре отырып, олардан ақшаларын алып, жасырынған.
Біздің бөлімшеге бірден бірнеше адам хабарласты. Олардың айтуынша, күдікті сенімдеріне кіріп, жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп уәде еткен. Әр «клиенттен» 150 мың теңге көлемінде ақша алған. Алайда жәбірленушілер құжаттарын да, ақшаларын да ала алмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде күдікті ұсталды. Күдіктінің осыған ұқсас бірнеше фактіге қатысы бар екені белгілі болды. Қазіргі уақытта тоғыз эпизод ресми түрде тіркелді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – дейді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
Полицейлер сонымен қатар ұсталған азаматтың суретін мұқият қарап шығуды және оның жеке басын анықтаған жағдайда мына телефондар арқылы хабарласуды сұрады: 8-707-447-07-50; 8-776-888-38-83.