Air Astana: Ұшақтың төтенше қону оқиғасы тексеріліп жатыр

«Қазір инженерлік қызмет ұшу туралы ақпаратты талдап жатыр, оның нәтижесі бойынша ұшақты тексеру жұмысы жалғасады» делінген баспасөз қызметінің Азаттыққа жолдаған жазбаша жауабында.

Жексенбі күні Air Astana компаниясының Мәскеу-Алматы бағытындағы КС872 рейсі «техникалық себептерге байланысты» Атырауға қонуға мәжбүр болған еді. Компания ақпараты бойынша, әуеде салонда қысымды автоматты бақылау жүйесінің бұзылғаны жөнінде белгі беретін «Cabin altitude» сигнализациясы қосылған.

Сондықтан экипаж төмендеп, Атырау әуежайына қонуды жөн көрген.
«Ұшақ төмендеп бара жатқанда салонда автоматты түрде оттегі маскілері шыққан. Ұшақ Атырау әуежайына ойдағыдай қонды. 95 жолаушы сол күні жергілікті уақытпен сағат 20.20 шамасында қосымша рейспен және қалған 24 жолаушы КС886 тұрақты рейсімен (Алматыға) жөнелтілді» делінген жауапта.

Бұған дейін ұшақта болған кейбір жолаушылар әлеуметтік желіде салонда көзге көрінетіндей түтіннің болғанын да жазған еді. Алайда компания мұны жоққа шығарған.

Дереккөзazattyq.org

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Ұлттық статистика бюросы 1 мамырда жаңартылған Қазақстан халқының саны туралы мәліметті ұсынды.

Енді мемлекеттік күзет қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауапты болмауы мүмкін

Мемлекет басшысының мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы жарлығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Биыл студенттерге арналған 26 жатақхана салынады

Елімізде 2026 жылға дейін студенттік жатақханаларда 30 мың орын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

5 маусымда «Болашақ» стипендиясына өтініш қабылдау басталады

"Болашақ" бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 5 маусымда басталады. Құжаттарды қабылдау 7 шілдеге дейін жалғасады.

Үкіметте газ саласын дамытудың мәселелері қаралды

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет кеңесінде газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Өндіріс орнынан репортаж: Биологиялық белсенді қоспа қалай өндіріледі?

Baribar.kz тілшілері Akyldy food supplements компаниясының негізін қалағандардың бірі химик Диас Тастанбековпен әңгімелесіп, өндіріс орнының жұмысымен танысып қайтты.