Басты бет Басты Универсиада-2017: Қазақстан еншісінде тағы екі медаль

Универсиада-2017: Қазақстан еншісінде тағы екі медаль

Әйелдердің ауадағы акробатикасы фристайл мәнерінде Қазақстанның қоржынына бір күміс, бір қола - екі медаль түсті.

Арапбаева Жібек 60,84 ұпаймен ел қоржынына тұңғыш күміс жүлдені салды. Ал, 60,48 ұпай жинаған Алдабергенова Жанбота қола медаль алды. 

Алтын медаль 64,09 ұпай жиған қытайлық Чжу Ининге бұйрды.

Айта кетейік, еліміздің қоржынына бүгін 3 медаль түсті. Оның біреуі күміс, екеуі қола. Медаль саны жағынан Қазақстан әзірге 4-орында тұр. Тізімді 3 алтын, 3 күміс, 1 қоламен Ресей спортшылары бастады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version