Басты бетБілімАлматының екі...

Алматының екі ауданында оқушылар сарайы салынып жатыр

Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

Мұхит Әзірбаевтың айтуынша, Алматыда әлі де мектептен тыс тегін білім берумен қамту төмен, жалпы контингенттің небары 9%-і.

Мәселені шешу үшін Алатау және Наурызбай аудандарында екі жаңа оқушылар сарайының құрылысы басталды. Әрқайсына 675 адам сыяды. Бұл нысандар қосымша білім беру және балалардың бос уақытын өткізу бағдарламаларын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай істеуге мүмкіндік береді, — деді Алматы әкімінің орынбасары.