Басты бетЖаңалықтарЖарылғыш зарттар...

Жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеу керек?

Жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілер тауып алған жағдайда оларға тиіспеу керек және тасымалдауға болмайды. Мұндай жағдайда азаматтардан жазатайым оқиғалар мен жарақаттанудың алдын алу үшін полицияға «102» немесе «112» телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз, — деді ІІМ ресми өкілі.

Нұрділдә Ораздың айтуынша, қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қылмыскерлер қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлап әкеткен.

Олар заңсыз мақсаттарға пайдаланылып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап өту қажет.

Естеріңізге сала кетейін, заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың әрекеттерінде өзге қылмыстар болмаса, жауапкершіліктен босатылады. Осыған байланысты ІІМ азаматтарды заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және арнайы құралдарды өз еркімен тапсыруға шақырады, — деді Нұрділдә Ораз.