Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында әкімнің орынбасары Ілияс Өсеров хабарлады.
Жарақат алып, зардап шеккендерге өтемақы үш санат бойынша беріледі:
- Ауыр дәрежеде — 2 миллион теңге,
- орташа дәрежеде – 1 миллион теңге,
- жеңіл түрде – 500 мың теңге есебінде.
Төтенше жағдай кезінде жұмылдырылған полиция департаментінің 3 878 қызметкеріне, төтенше жағдайлар департаментінің 1 207 қызметкеріне, қоғамдық денсаулық басқармасының 3 888 қызметкеріне, құтқару қызметінің 93 қызметкеріне 100 мың теңге қаржылай көмек төленеді. Бүгін тиісті құжаттар қазынашылыққа жіберіліп, түстен кейін алғашқы төлемдер жасалады, — деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары.
Полиция департаментіне тиісті тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін зардап шеккен автокөліктерге төлемдерді қамтамасыз ету үшін шамамен 200 миллион теңге мөлшерінде бастапқы қаржы жіберілетін болады. Қажет болған жағдайда бұл қаржы көбейтіледі.