«Бейжің-2022» ұйымдастыру комитетінің құжатына сәйкес, 4-22 қаңтар аралығында Қытайға 2 586 делегация мүшесі, соның ішінде 171 спортшы мен ресми тұлға, сонымен қатар 2 415 мүдделі тарап өкілі келген.
Тестілеу нәтижесінде басқа мүдделі тарап арасында 39 адамның ауру жұқтырғаны анықталды. Атлеттер мен ресми тұлғалар арасында ешкім ауырмаған.
Жексенбі күні Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қалашығы алғашқы шетелдік спорт делегацияларын қабылдауды бастады, соның ішінде – АҚШ, Аустралия, Канада, Финляндия және басқа елдер бар. Олимпиада қалашықтарының ресми ашылуы 27 қаңтарда өтеді,- делінген хабарламада.
XXIV қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында, ал Паралимпиада ойындары – 4-13 наурыз аралығында өтеді.