Басты бетЖаңалықтарТәртіпсіздіктен зардап...

Тәртіпсіздіктен зардап шеккен 45 мемлекеттік ғимарат жөндеуден өтеді

Оған сәйкес президенттің Алматыдағы резиденциясын ҚР президентінің іс басқармасы қалпына келтіреді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов өткізген селекторлық жиында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздің 8 өңіріндегі тәртіпсіздік кезінде бірқатар ғимараттар, оның ішінде мемлекетке тиесілі 45 ғимарат зардап шеккенін хабарлады.

ҚР президентінің іс басқармасы жоспарлы түрде қалпына келтіретін президенттің Алматыдағы резиденциясын қоспағанда, қазіргі уақытта барлық мемлекеттік нысандар бойынша техникалық тексеру жүргізілді. 45 мемлекеттік нысанның 15-і күрделі жөндеу мен қайта жаңартуды, қалған 30 ғимарат ағымдағы жөндеуді қажет етеді, — деді Қайырбек Өскенбаев.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда 4 нысанда қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қалғандары бойынша сметалық және жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленеді.