Арнольд Шварцнеггер жол апатына ұшырады

Арнольд Yukon көлігін жүргізіп келе жатып, қызыл Prius автокөлігімен соқтығысқан… Оның жол талғамайтын көлігі аударылып, Toyota Prius көлігінің төбесіне шығып кетті,- делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, соққының қатты болғаны сонша, Yukon-дағы қауіпсіздік жастықтары ашылған. Prius көлігінің жүргізушісі басынан жарақат алды, әйел ауруханаға жеткізілді.

Арнольд Шварцнеггердің өзі зардап шеккен жоқ.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, актер бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Шварцнеггердің мас болғаны немесе есірткі шегіп алғаны туралы ешқандай мәлімет жоқ.