Коронавирус пен пневмониядан 13 адам қайтыс болды

Оған сәйкес, 20 қаңтар күні Қазақстан аумағында 11 адам — коронавирустан, тағы 2 адам — пневмониядан қайтыс болған.

Коронавирустан қаза тапқандардың ең көбі Нұр-Сұлтанда — 4 адам. Пневмониядан 2 адам қайтыс болды.

Сонымен қатар, Алматыда — 3, Шымкентте — 2, Ақтөбе және Атырау облыстарында — бір адамнан көз жұмды.

Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.