Президент бизнеске қатысты карантин шектеулерін қайта қарауды ұсынды

Мемлекет басшының айтуынша, бүгінде шағын және орта бизнес баяу дамып жатыр. Ал карантин шектеулері кәсіпкерлікті шектеп қана қоймай, бизнес пен мемлекет арасындағы өзара сенімді төмендетеді.

«Омикрон» формасындағы ковид жалпыға ортақ құбылысқа айналып бара жатқан сияқты. Онымен көбісі ауырып шығатын шығар. Біз осындай шешімге келдік. Олай болса, шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шаралары, әсіресе, қызмет көрсету саласы үшін қаншалықты тиімді болады? Одан нақты нәтиже шыға ма? – деді президент кәсіпкерлермен болған кездесуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты карантин шектеулерін қайта қарауды ұсынды.

Үкімет тиісті шешім шығаруы керек. Шағын және орта бизнесті тұншықтырып қайтеміз? Барлығына бірдей жағдай жасау керек, — деді президент.