Басты бетЖаңалықтарЗардап шеккен...

Зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы қашан аударылады?

Оның айтуынша, зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлеу төрт бағытта жүреді. Біріншісі ғимарат пен нысан, екінші құрал жабдық пен жылжымалы мүлік, үшіншісі тауар, төртіншісі растайтын құжат болмағанда.

Жоғалған мүліктің құны немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құны өтеледі. Бірақ сақтандырылған мүлік есепке алынбайды. Көлік ұрланған болса ол қылмыстық заңнама бойынша тергеледі, тәртіпсіздік кезінде автокөліктердің жойылғаны дәлелденген болса өтемақы төленеді,- деді Максим Барышев «Атамекен» ҰКП-да өткен брифингте .

Сонымен қатар ол өтініш қанша уақытта қаралатынын және қаражат қандай мерзімде аударылатынын түсіндірді.

Өңірлік комиссия өтемақы алу жөніндегі өтінімді 5 күн ішінде қарайды. Мақұлданған жағдайда комиссия жіберілген құжат негізінде шешім шығарып, өтемақы сомасын анықтайды. Өтемақы мақұлданған күннен кейін бір ай ішінде аударылады. Қаражат жылжымайтын мүлік иесінің өтінішінде көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына бюджеттік рәсімдерге сәйкес аударылады,- деді ол.

Зардап шеккен кәсіпкер ЭЦҚ көмегімен InfoKazakhstan.kz платформасында шығынды өтеу жөнінде өтініш беруі қажет.

Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкерлерге келген залалды өтеуге өтініш қабылдау басталғанын хабарлаған болатынбыз.