Отырыста қайырымдылық қоры қызметінің тұжырымдамалық мәселелері талқыланды.
Қамқоршылық кеңес мүшелері қордың халықпен өзара іс- қимыл тетіктеріне, қазақстандықтардың қорға қалай жүгінетініне, өтініш қалдыруына басты назар аударды. Сонымен қатар қор қайырымдылық ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен және қайырымдылық көмек көрсетуге тартылған басқа да ұйымдармен ынтымақтастық форматын айқындауы тиіс,- делінген хабарламада.
Өзара іс-қимылдың негізгі құралы қордың электронды порталы болғаны дұрыс. Оңтайлы шешім қабылдау үшін «Қазақстан халқына» қоры қызметінің тұжырымдамасын әзірлейтін жұмыс тобы құрылды.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері қызметкерлерді, ең алдымен мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік сала қызметкерлерін бір күндік жалақыны аударуға мәжбүрлеу жағдайлары туралы өз пікірлерін білдірді. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері осы тәжірибемен үзілді-кесілді келіспейтіндіктерін айтты.
Біз барлық қазақстандықтарға үндеу жасаймыз және «Қазақстан халқына» қоры тек жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтарынан қалыптастырылатынына тағы да назарларыңызды аударамыз. Сонымен қатар, біз қорға өз үлестерін қосқан қазақстандықтар мен ұйымдарға алғыс айтамыз және өз тарапымыздан көмектің мұқтаж адамдарға жететініне кепілдік береміз, — деп атап өтті Қамқоршылық кеңесінің мүшелері.
- Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 16-19 қаңтар аралығында қоғамдық қорға 16 167 қазақстандықтан 29,3 миллион теңге түсті. 75 заңды тұлға мен ірі кәсіпкерлерден 19,2 миллиард теңге түсті.