Денсаулық сақтау министрлігінің 20 қаңтардағы мәліметі бойынша, қайтыс болғандардың алтауында коронавирус инфекциясы оң нәтиже берген, біреуі пневмониядан қайтыс болған.
21 қаңтардағы жағдай бойынша 124 744 адам (123 205+ және 1 539 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 8 929 науқас стационарда, 115 815 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
396 науқастың жағдайы ауыр,
88 науқастың жағдайы өте ауыр,
57 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.