Басты бет Жаңалықтар «Ғалам аруы-2016» атағын кім алды? (Видео)

«Ғалам аруы-2016» атағын кім алды? (Видео)

Филиппинде «Ғалам аруы-2016» халықаралық сұлулық байқауының финалы өтті. 65-рет ұйымдастырылған конкурстың тәжіне Франция сұлуы Ирис Миттенер ие болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ғалам аруы-2016» байқауына әлемнен 86 ару қатысты. Нәтижесінде 23 жастағы Франция өкілі Нор-Па-де-Кале Ирис Миттенар «Ғалам аруы-2016» атанды. Конкурстың финалын онлайн көрсетілім арқылы бүкіл әлем көру мүмкіндігіне ие болды.

Әлем аруы-2016, Ирис Миттенар

Бірінші вице-мисс атағына гаитилік Ракель Пелиссьер ие болды. Ал екінші вице-мисс атағы колумбиялық Андреа Товар деген аруға бұйырды.

Ал Қазақстан атынан 19 жастағы ару Дарина Құлсейітова үздік ондыққа кіре алмады. Дарина танымал дизайнер Аида Кауменованың ұлттық стильдегі көйлегімен шықты.

Айта кетейік, үздік ондыққа Колумбия, Бразилия, Мексика, Перу, Австралия, Франция, АҚШ, Индонезия, Филиппин, Таиланд сияқты елдердің арулары енді. Ал «Әлем аруы-2016» байқауын Пуэрто-Рико елінің атынан өнер көрсеткен Стефани Дель Валле жеңіп алған еді.

https://www.youtube.com/watch?v=hQWlyZXyNH4

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version