Басты бетБастыУниверсиада-2017: Қазақстан...

Универсиада-2017: Қазақстан қанжығасында тұңғыш қола жүлде

Анна Шевченко «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өткен әйелдердің 5 шақырымдық жеке классикасының алғашқы айналымда  — бірінші көрсеткішті көрсетіп, екінші және үшінші айналымда — үшінші орынды сақтап қалды. Бірінші орын — Ресейлік Лилия Васильевада, күміс те ресейлік Анна Нечаевскаяның еншісінде.

23 жасар Анна Шевченко Павлодар облысының тумасы. Қазіргі уақытта Қазақ Спорт және туризм академиясының магистранты.