Басты бетҚоғамАлматы полициясының...

Алматы полициясының бастығы: Бізден қаруды тастауды және берілуді талап етті

5 қаңтар күні кешке алаңда болған кейбір содырлардың жеті қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, әскери қару-жарақ алғаны жайында, бұл – тек Алматыда 1 387 бірлік аңшылық, травматикалық қару ұрланғаны туралы жедел ақпарат түсе бастады. Олардың өз қарулары болғанын да жоққа шығармаймын. Шамамен осы уақытта, қаруланған және дайындығы бар бірнеше топтың департаменттің әкімшілік ғимараты мен қаланың әр жеріндегі полиция басқармаларына шабуыл жасауға ниеті бар екендігі жедел ақпарат көздерінен белгілі болды. Олардың мақсаты қару-жарақ арсеналдарын басып алу болды. Бұл туралы бірден ІІМ Ерлан Тұрғымбаевқа хабарланды. Елордада полиция ғимараттарын қорғаудың арнайы жоспарын дереу қолданысқа енгізу туралы шешім қабылданды және кейінірек белгілі болғандай, бұл шара шынымен де дер кезінде жасалған, – деді ол.

Қанат Таймерденовтің айтуынша, ғимараттарда қару-жарақтың ірі арсеналы болғандықтан, ең алдымен төтеп беру маңызды болды.

Мен барлық полиция бөлімшеcінің басшыларымен хабарласып, ықтимал шабуылдарға дайын болуы үшін олар мен олардың жеке құрамы орындарына орнығуына бұйрық бердім. Расымен де, кешкі сағат жетілер шамасында қарулы адамдар біздің ғимаратқа жинала бастады. Алғашында қорқытулар, берілуді талап етулер болды. Бірақ біз берілуден бас тартқаннан кейін шабуыл әрекеттері басталды. Түнде бір ғана департамент ғимаратына 27 шабуыл жасалғанын айтып өттік. Таңға жуық бізге көмек керек болды. Түнгі үш-төрт шамасында бізде оқ-дәрілер таусыла бастады. Біз бұл туралы министрге хабарлағанымызда, ол Ұлттық ұланға бұйрық беріп, броньдалған арнайы көлікпен олар бізге қарай кіріп, оқ-дәрілерді жеткізіп үлгерді. Ол кезде біз мұның қаншалықты тез аяқталатынын түсінбедік, – деді полиция бастығы.

Қанат Таймерденов полиция департаменті ғимаратына жасалған шабуылдың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына және арнайы дайындықтан өткен, әлемнің соғыс орындарындағы көше шайқастарына қатысып үлгерген кәсіби содырлардың әрекеті екеніне сенімді екенін айтты.

Лаңкестердің ғимаратқа кіріп кетуіне жол бермеу маңызды болды, өйткені олар Молотов коктейльдерін жаппай пайдаланды: егер өрт болса, полиция қақпанға түсер еді, ал қаладағы жағдайды ескере отырып, оларға көмектің қашан келетіні белгісіз. Олар өте ұйымдасқан түрде бірнеше жерден: Масанчи-Қабанбай батыр, Масанчи-Қарасай батыр, Николь соборынан және осы аттас бұрынғы базардың аумағынан шабуыл жасады, яғни, бізді бірден қоршап алды. Департаменттің периметрі бойынша қызметкерлерді орналастырдық. Мен осы уақыт бойы жұмыс орнында болдым. Ал нағыз қауіп төнген кезде, олар бізге оқ жаудырғанда, біз де шабуылдаушыларға оқ ата бастадық, – деді Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, содырлар ғимаратты бұзып өту үшін бұрын өздері тартып алған КамАЗ-ды пайдаланған. Олар осыдан бірнеше сағат бұрын Алматыдағы президент резиденциясында жасаған іс-әрекеттерін қайталады. Сол жерде КамАЗ тосқауылдарды бұзып өтіп, содырлар оның артына тығылып, ғимаратқа жақындай алды.

Бұл шабуылға мыңға жуық адам жұмылдырылды. Олар жауынгерлік тактиканы біліп қана қоймай, оны өте жақсы түсінетін: ұрыс құрамаларын ұйымдастыруды, қалалық жағдайдағы ұрыс ережелерін жақсы білетін, дайындалған адамдар. Жақын маңдағы көпқабатты үйдің төбесіне снайперлерді орналастырған. Және олар жойылғанға дейін бізге оқ жаудырды, — деді Алматы полициясының бастығы.