Басты бетЖаңалықтарСарапшы: Лаңкестердің...

Сарапшы: Лаңкестердің басты мақсаты — халық арасында үрей тудыру

«Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураның ресми мәдімдемелеріне сүйенсек елдегі болған жағдай:

Лаңкестер жоспарлы түрде стратегиялық нысандарға шабуылдаған. Олардың қатарында әкімшілік, полиция департаменті, аэропорт, қару-жарақ дүкендері секілді стратегиялық нысандар болған. Шеру кезінде 1 347 қару-жарақ ұрланған.

Лаңкестер жергілікті криминалмен араласып, бейбіт халықтың арасына еніп, бәрін жоспар бойынша жасаған. Қарулы күштеріміз мұны білгендіктен жаппай оқ жаудырмай, бейбіт халықты қырып алудан сақтанған.

Полиция департаментіне шабуыл 6 сағатқа созылған. Полицияның табанды қарсылығының арқасында шабуылға тойтарыс берілген.

Лаңкестіктің басты мақсаттарының бірі халық арасында үрей тудыру. Осы мақсатта лаңкестер көшедегі бейбіт халыққа да оқ атқан. Көлігін беруден бас тартқан азаматтар мен қарсыласқан бейбіт тұрғындарға қарсы аяусыз қару қолданған. Жеке секторды, дүкендер мен ғимараттарды өртеген. Елде жаппай үрей тудыру мақсаттарын осы арқылы іске асырғысы келген.»